Павлодар облысының басшысы жергілікті әкімдердің жұмысын сынға алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық әкімдігінде қалалар мен аудандар әкімдерімен өңір басшысының жасасқан меморандумдарын орындау бойынша жылдың алдын ала қорытындысы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Белгіленген жоспарларды орындауда артта қалған Лебяжі ауданы. Оның басшысы Серік Жанғазинов жылдың аяғына дейін 14 индикатордың 4-еуі орындалуы неғайбыл екенін мәлім етті. Ал тұрғын үйді пайдалануға беру жайлы айтсақ, жоспар 5,5 мың шаршы метр болса, аудан 3,7 шаршы метрді ғана пайдалануға беруді жоспарлауда.

Өткізіп алған уақыттың орнын толтыруға тырысып, Ақсу ауылында аяз бен қарға қарамастан, 24 пәтерлік жатақхана салу жалғасуда. Құрылысшылар мен аудан басшысы жыл аяғына дейін ғимаратты пайдалануға беруге уәде етіп отыр.

 «Бұл жатақхананы шынымен салып бітіреміз деп ойлайсыздар ма? - деп күмәнданды  облыс әкімі Болат Бақауов. - Мен сіздерге тамызда созбау қажеттігін ескерткенмін. Ал қыркүйек пен қазанда аяздың басталғанын күткендей «демалдыңдар». Мен құрылыс нормаларын, қыстың не екенін жақсы білемін, сондықтан жыл соңына дейін аяқтаймыз дегендеріңе сенбеймін», - деп сөзін түйіндеді өңір басшысы.

Қала басшысы Нұрлан Дүйсенбинов жоспарланған 70 млрд теңге болса, қала 56 млрд капитал салымы көлеміне қол жеткізетінін атап өтті. Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсімі бойынша индикаторға қол жеткізілмеуі мүмкін. Екі жағдайда да Ақсу әкімі «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ мен «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ-ға байланысты проблемаларға шағымданды.

 «Екі қала құрайтын кәсіпорынға шүйіліп қалдыңдар, басқа бизнеспен жұмыс жасамайсыңдар, - деді Болат Бақауов. - Бұл бағытта жұмыс ақсап тұр. Мұның бәрі сендердің шикіліктерің деп санаймын».

Бұдан басқа, өңір басшысында Екібастұз, Железинск, Успенский аудандары әкімдерінің жұмысына талаптары болды. Кездесу соңында ол келесі мәжілісте қалалар мен аудандар әкімдері жұмысының соңғы қорытындылары қаралатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар