Павлодар облысының әкімі өз арманымен бөлісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ертіс арқылы көпір өткелімен Ақсудан Павлодарға өтіп, ұшақпен Баянауылға жетуді армандайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Мен Ақсуда әкім болып жұмыс істеген кезде әр жақтан көпір өткелінің алғашқы бағанын қаққан болатынмын, - деді әкім журналистерге. - Сол кезде облыс әкіміне көпір өткелінің құрылысын аяқтап, Павлодарға келсем деген едім. Бізге бұл құрылыстың қажеті қанша деген сауал туындайды. Себебі, Ертіс арқылы өтетін жалғыз көпір өткелі жүк тасымалын көтере алмайды. Ақсу Павлодар үшін агломерацияға айналды және барлық сала бойынша дами түседі. Ол жаққа қалалық көліктер жіберіледі. Қазірдің өзінде екі қала арасында барып келіп жұмыс істейтін адамдар қаншама. Ақсуда құрылыс үшін бірталай орын бар. 14 желтоқсан күні барлықтарыңызды көпірдің ашылуына шақырамын. Нысан 100 пайызға дайын».

 Аймақ басшысының Баянауылға туристерді тарту туралы екінші арманы республикалық БАҚ-та жарияланған болатын.

«Мен жуырда қанша әкімнің Баянауыл ауданын туристік орталыққа айналдыруды армандағаны туралы оқыдым, - деп Болат Бақауов ratel интернет-порталында шыққан мақала туралы өз ойымен бөлісті. - Жуырда тағы да сол жаққа барып, ақсақалдармен сөйлесемін. Біздің пікір алмасатын ортақ тақырыбымыз бар. Биыл ауданның дамуына шамамен бес миллиард теңге бөлінеді. Оның жартысы толығымен су құбырының құрылысын жаңартуға жұмсалады. Баянауылда Павлодар мен Қарағанды, Астана қалаларын біріктіретін шаңғы курорты, шағын авиация жұмысын бастайды. Қазірде жеке меншік компаниялар қызығушылық білдіруде».

 Сонымен қатар, әкім Сарыарқа шағын ауданының бой көтеруіне қуанышты екенін атап өтті.

«Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеген кезде бюджетпен қиындық болды, - деп еске алады Болат Бақауов. - 600 миллион теңге облысқа, қар тазалауға алды. Келесі жылы есептесесің деген болатын. Еңбекақыға жетпей қалатын кездер болды. Енді облыс орталығының дамуына жеті миллион теңгеден астам қаржы бөлеміз. Мен павлодарлықтармен бірге басқа облыс тұрғындарынан ерекше болу үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Біз өте татумыз. Мемлекет басшысы биыл екі рет біздің облысқа бекер келмеді», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар