Павлодар облысының әкімі масаның саны азаяды деп мәлім етті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Әкім Болат Бақауовқа сенбілік кезінде Павлодар облысындағы зиянкестермен күрес жайы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысында өткен бұқаралық сенбілік кезінде 13 мыңнан астам тал егілді. Сол күні облыс басшылығына зиянкестермен күрестің басталғандығы жөнінде есеп берілді. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Сәуле Шәріпованың айтуынша, «Яблонька» мен «Металлург» саяжайлары және мұнай өнімдерін сақтау орыны мен Ақсудағы «қалалық су арнасы» аумақтарында маса дернәсілдерінің 1-2 даму сатысы тіркелген.

«19 сәуірдегі көрсеткіштерге сәйкес, біз аталған аумақтарды тазартау жұмыстарын жүргіздік, - деді ол. - Павлодар қаласындағы жұмыстың тиімділігі 100%, Ақсуда - 97%. Ары қарай бақылау жүргізу қолға алынды». 

Шіркейге келетін болсақ, оның ұшу маусымы мамыр айының ортасына сәйкес келеді. Облыс әкімі мамандарға осындай уақыттарда дер кезінде қажетті жұмсытардың жүргізілуі қажет екендігін атап өтті.

«Былтырғы жылды айтар болсақ, ахуалға Ертіс су қоймасынан қайталап су ағызу қатты әсер етті. Биыл бұл жағдай қайталанбайды, - деді өңір басшысы. - Сонымен қатар, байқау өткізуге әзірлік алдын ала жүргізілді. Барлық шыбын-шіркейді толық құрту мүмкін емес, алайда биыл жазда олардың саны анағұрлым аз болады».

Соңғы жаңалықтар