Павлодар облысындағы өрттен 37 жастағы әйел қаза болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кенжекөл кентінде шыққан өрттен бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«6 наурыз күні сағат 16:11-де қоспәтерлі жекеменшік үй өртенді. 16:50-де жеткен өрт сөндірушілер 19:05-те тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Жалын шалған аумақ - 80 шаршы метр. 37 жастағы әйел көз жұмды, 2002 жылы туған жасөспірім ауруханаға жатқызылды», деп хабарлайды ТЖД баспасөз-қызметі.

Соңғы жаңалықтар