Павлодар облысындағы нысандарда өрт қауіпсіздігінің жеке жүйесі орнатылған - Бақауов

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодар облысының әкімі өңірдегі адам көп жиналатын орындардың қауіпсіздігі және шұғыл қызметтердің жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зор қасірет (Кемероводағы сауда үйінде болған өрт - ред.). Ресейде  бұл соңғы бір ғасырда болған ең ірі өрт деп бағаланып жатыр. Мен қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтамын. Біздің шұғыл қызметтер осындай апаттардың алдын алу бағытында жақсы жұмыс істеп жатыр деп айта аламын. Өңірде ТЖ нұсқауы бойынша жабылуы тиіс нысандар жоқ. Алайда, арнайы қызмет өкілдерінен ескерту алған нысандар бар, олар бұл кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірлік «Ертіс» арнасына берген сұхбатында.
null

null  

Б.Бақауовтың айтуынша, өрт қауіпсіздігі мәселесін өңірлік билік ерекше назарда ұстайды.

«Адамдар көп жиналатын орындар бар. Ол жерлерде біздің жеке бақылау жүйеміз орнатылған. Сондықтан алаңдаудың еш қажеті жоқ, бәрі қадағаланып отыр», - дейді әкім.

Еске сала кетейік, 26 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде алапат өрт болып, 64 адамның өмірін жалмады. Тілсіз жау 1,5 мың шаршы аумақты шарпыған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша қаза тапқандардың ішінде біздің елдің азаматтары жоқ. 
null null null 

Соңғы жаңалықтар