Павлодар облысында жол апатынан сәби көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 11-лер шамасында Павлодар-Успенка тас жолында «Митцубиси Паджеро» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетті. Ол 38 жастағы жүргізуші басқарған «Ауди 80» көлігіне соғылды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди 80» көлігінің жолаушылары 66 жастағы ер адам мен 30.07.2016 жылы туған ұл бала алынған жарақаттар салдарынан оқиға орнында ажал құшты.

 «Ауди 80» жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ  «Митцубиси Паджеро» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.  

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Соңғы жаңалықтар