Павлодар облысында жеті шаруашылық жауапкершілікке тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өсімдіктерді қорғау саласында заң бұзған жеті шаруа қожалық әкімшілік жауапкершілікке тартылып,185,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Бұл туралы бүгін облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Жоламан Боранбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспсөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Жыл басынан бері барлығы 27 тексеру жүргізілді. Қазіргі жағдай тұрақты», - деді Жоламан Боранбаев.  «Қазіргі таңда шаруа қожалықтардың барлығы арамшөппен күресу шарасын жүргізуде. Көктемнен бері маңдай терін төгіп отырғызған егінін ешкім шіріткісі келмейді. Сондықтан, барлығы химиялық препараттарды қолданады. Бірақ, оның ішінде де рұқсат етілгені және тиым салынғаны бар. Осыны айыра білу керек. Экологияға қатерлі, жер қыртысына зиянды дәрілерді себуге болмайды. Оның алдын алу үшін  шаруашылықтардың барлығы бізге осы салада қандай жұмыс жүргізіп жатқаны жөнінде есеп беріп отыруы керек. Есеп бермеген шаруашылықтар айыппұл арқалайды».

 Жоламан Боранбаевтың айтуынша, қалада химиялық преапараттар сататын бірнеше дүкен бар. Өкінішке қарай, инспекция мамандарының оларды тікелей тексеруге рұқсаты жоқ. Сонымен қатар, егіс алқаптарын аралап, қандай дәрілер қолданылып жатқанын да бақылай алмайды. Тек қағаз жүзінде ғана тексеруге құқылы.  

Соңғы жаңалықтар