Павлодар облысында жаңа, үнемді отынмен тәжірибе жүргізілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Алғаш рет «ЖЭЖ» АҚ Ақсу жылу электр желісінде сипаттамалары жақсартылған «Восточный» разрезінің көмірін жағу бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі электр желісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сынақ штаттық режимде жүргізілді. Электр желісінің жеті тәулік жұмыс мерзімін жоспарлы көлемде отынды түсіріп алу үшін «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінің жұмысшылары күлі 40% болатын көмір қабаттарын жасады.

12 қыркүйек күні сапасы жақсартылған көмірді тәулігіне 5-6 бағыт бойынша түсіру жұмыстары басталды. Төтенше жағдайдар үшін желіде сапасы жақсартылған көмірдің резервтік қоры құрылды, оның көмегімен электр желісі 16 сағат жұмыс істей алады.

Эксперимент кезінде химиялық цех қызметкерлері көмірдің тұтанатын заттар құрамына және қалдық сапасына тәулік сайын сараптама жасап тұрды. Ал жылу жабдықтарын реттеу және сынақ жүргізу цехының қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау тобының табиғатты пайдалану шығындарын есептеу үшін энергетикалық блоктағы күкірт, азот, көміртек оксидтерін өлшеді.

Соңғы жаңалықтар