Павлодар облысында сеңнің үстінде қалған 4 балықшы құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бөлініп кеткен сең мұздың үстінде қалған Павлодар облысының 4 балықшысы құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.

«21 сәуір күні сағат 13.00-де Екібастұздағы Солнечный кентінің маңында орналасқан Шаңдықсор көлінде Павлодар облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды балық аулау кезінде суға батып кеткен 1967 жылы туған балықшыны іздеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар олар мұз үстінде қалған 4 адамды құтқарды», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарылған балықшылар жедел медициналық қызмет мамандарына тапсырылды. Оларға медициналық көмек аса қажет болған жоқ.

«Көктем мезгіліндегі жылымықта мұз беті қатты және қалың болып көрінеді. Шын мәнінде көктемдегі мұз жұқарып, таусылып тұрады. Ол адам салмағын көтеруге де қауқарсыз. Мұзбен, және мұзды жағалаумен жүрмеңіздер», - деп мәлім етті құтқарушылар.

null

null null  

Соңғы жаңалықтар