Павлодар облысында сайланған ең жас әкім 25-те

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында сайланған ең жас әкім 25-те болса, ең үлкені 58-де. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вера Ерашова мәлім етті, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz тілшісі.

«2017 жылғы тамыз айына бекітілген ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдерін сайлау өз мәресіне жетті. Сайлау 16-17 тамыз күндері өтті. Бүгінгі күнгі жағдайға келетін болсақ, қалалық және аудандық сайлау комиссиялары ауыл әкіміне үміткер 279 кандидатты тіркеді. Оларды құпия дауыс беру құқығы негізінде мәслихат депуттары сайлады. Ауылдық округтер мен ауыл әкімдеріне дауыс беру орындары сайлаушылар отырысы өткен ғимараттарда ашылып, қажетті құралдармен жабдықталды. Облыстың 13 аймағында сайлау үрдісіне 167 депутат қатысты. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 99,4 пайызын құрайды. 279 үміткердің ішінен 98 ауыл әкімі сайланды», - деді Вера Ерашова.

Спикердің айтуынша, сайланған әкімдердің 80-і ер адамдар болса, 18  - әйелдер. Оның ішінде: педагогтар - 47, ауыл шаруашылығы мамандары - 18, экономистер - 11, заңгерлер - 11, инженерлер - 11.

«Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған және жоғары білімі бар, сотты болмаған кез келген азаматы сайлауға қатыса алады. Әкімдерді сайлау БАҚ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сенімді тұлғалардың қатысуымен ережеге сәйкес ұйымдастырылды. 1991 жылғы ең жас әкім Ерғанат Қайкен Май ауданы Майтүбек ауылында тұрады. Сондай-ақ, Қашыр ауданы Тереңкөл ауылдық округіне Данияр Айтышев, Железин ауданы Қазақстан ауылдық округіне Азиза Ибраева сайланды. Олардың екеуі де 1990 жылғы», - деп атап көрсетті Вера Ерашова. 

Соңғы жаңалықтар