Павлодар облысында өзіне қол жұмсаған баланың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Железин ауылындағы 10 жасар баланың өзіне-өзі қол жұмсауының себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Железин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Қанат Кималитденов хабарлағандай, «бүлдіршін жақсы отбасынан шыққан. Оқиға орнында криминалистер жұмыс жасады - олардың нәтижелерін күтудеміз».

Оның айтуынша, Железин ауылындағы №3 жалпы білім беретін орта мектептің бесінші сынып оқушысының сабақ үлгерімі жақсы болған, мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқан.

Бала өз үйінде асылған күйінде табылған. Полицейлердің дерегіне сүйенсек, баланың денесін 18 қаңтар күні жұмыстан келген анасы көрген. «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, қажетті сараптамалар белгіленген. Ешқандай хат табылмағаны белгілі болды. Бұл отбасында 2014 жылы туған тағы бір бала бар. 

Соңғы жаңалықтар