Павлодар облысында ӨЖӨ көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңірлік жалпы өнім өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 6,2%-ға өскен. Сонымен бірге, жан басына шаққандағы өңірлік жалпы өнім (ӨЖӨ) 1,3 млн теңгені құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 12%-ға жоғары, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2015-2016 жылдары Павлодар облысындағы жалпы өңірлік өнімнің көлемі тиісінше 99,4% және 99,7% болған. Ал, биыл ӨЖӨ бірінші жарты жылдықтағы көрсеткіш бойынша 106,2%-ды құрады.
null 

Павлодар облысында 54 миллион тонна көмір өндіріп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық. Электрмен жабдықтау, газ өндірісінің көлемі 204,6 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,6% құрады.
null 

Облыс аумағында орналасқан электр станциялары шамамен 30 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндірген. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 23,5%-ға көп.

Сумен жабдықтау секторында шығарылған өнім көлемі 8,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 10,7%-ға көп.
null 

Жуырда Павлодар облысының әкімі Ақсу қаласындағы зауыттарда болып, өнеркәсіп өндірісінің дамуына көз жеткізді. «ЕЭК» АҚ-да Болат Бақауов келер жылдың ақпан айында аяқталатын №5 блоктың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Белгілі болғандай, мұнда барлық қызметкерлерге 18,5 мың теңгеге жалақыны көтеріп берген. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ақсу ферро 

Соңғы жаңалықтар