Павлодар облысында оралмандар мен қоныс аударушыларға 462 квота бөлінген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Павлодар облысына оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға бөлінген квота нәтижесінде 462 отбасы немесе 1851 адам қоныс аударады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиын барысында өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Қашкенова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

- Әрине, бұл біз жоспарлағаннан әлдеқайда аз, - дейді Хелуа Қашкенова. "Өңір бойынша келесі жылы әрбір қала мен ауданға 40 отбасынан келу керек. Сондықтан қазірден бастап еңбек күші артық аймақтарда ауылдық елді мекендердегі бос жұмыс орындары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жылдың соңына дейін қоныс аударашылардың тізімін қалыптастыру керек. Қараша және желтоқсан айларында халықтың қоныс аударуға дайын болуы үшін сол өңірлерге барып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы ұсыныс бар". 

 Спикердің айтуынша, биыл жыл басынан бері оралмандарды қабылдау өңірлік квотасына 26 отбасы немесе 86 этникалық қазақ енгізілген. Бүгінгі таңда комиссияның бөлуі үшін он бес отбасының құжаттары дайындалған және қосымша тоғыз отбасын қосу жоспарланып отыр. "Жыл басында 100 отбасы немесе 500 адам болған. Біз министрлікке оралмандарға берілетін квота санын елуге дейін қысқарту туралы өтінішпен жүгіндік. Дегенмен шешім қараша айында белгілі болады. Сондықтан облыс бойынша оралмандар квотасы елуге дейін қысқартылады. Тым болмағанда осы көрсеткішті орындау үшін тағы тоғыз отбасына құжаттар дайындау керек. Өңірлік қоныс аударушылар квотасына 50 отбасы немесе 231 ішкі мигрант енгізіліп, бұл бағытта жұмыс толығымен орындалған. Жалпы, 50 отбасын немесе 250 адамды көшіру жоспарланған болатын. Нәтижесінде министрлікке үнемделіп қалған қаражатқа квота санын 60-қа дейін арттыру туралы бюджеттік өтініш жібердік. Қазіргі күні қалалар мен аудандарда жеті адамға құжаттар дайын", - дейді Хелуа Қашкенова. 

Соңғы жаңалықтар