Павлодар облысында Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Көрші елдердің азаматтары мінген автобус Новосібірден Шымкентке бара жатқанда Павлодар облысының аумағында бұзылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Таңертеңгі ондар шамасында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментіне Ақсу қаласы аумағында, Қалқаман ауылының маңында Новосібір-Шымкент рейсінің екі автобусының бірі бұзылғаны туралы хабар келді», - дейді Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Екі автобустың салонында 81 жолаушы: Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары болған. Жолаушылар екінші автобусқа мініп, екеуі де жергілікті полиция қызметі машинасының бақылауымен сағат он бірге қарай Павлодарға жетіп алған.

«Павлодардағы №1 автобус паркінде жолаушыларға көмек көрсетілді. Бұзылған автобустың ақауы реттеліп, екі автобус та 16:00-де Шымкентке қарай жол тартты», - дейді ТЖД қызметкерлері. 

Соңғы жаңалықтар