Павлодар облысында кремний зауыты салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұзда болашақ кремний зауытының алғашқы қазығы мамыр айында қағылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Алдын ала жобаға жылына қуаттылығы 35 мың тоннаға дейін жететін техникалық кремнийге өтінім берілген. Алайда Павлодар облысында «ANSA Silicon» ЖШС ұсынған шартты ескеретін болсақ, жобаның қуаттылығын жылына 135 мың тоннаға дейін жеткізу туралы шешім қабылданған.

«Бізге Екібастұз МАЭС-1 аумағынан 70 гектар жер бөліп берген, - деді «ANSA Silicon» ЖШС-нің өкілі Болат Тоқтасынов. - Сонымен қатар, станцияны сыртынан электрмен жабдықтау техникалық шарттарын алдық. Ендігіде «KEGOC» АҚ желісінен тыс, электр энергиясын тікелей қабылдайтын боламыз. Бұдан басқа, бөлінген учаске  шикізат көзіне жақын орналасқан. Кварцит Қарағанды облысынан, мұнай коксы Павлодардан, ағаш Ресейден жеткізіледі. Осының барлығы соңғы өнім бағасының бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді деген үміттеміз».

Жобаға құйылатын инвестиция көлемі 38 млрд теңгеден асады. 2019 жылы кәсіпорынның үшінші кезеңі енгізілгеннен кейін зауытта 600 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Болат Бақауовпен кездесу барысында серіктестік өкілдері жобаның кеңейтілуіне байланысты қосымша жер телімін беруді өтінді. Бұдан басқа, инвесторлар өндірісте Павлодар облысы кен орнында кремний кварцитін қолдану туралы ұсыныс білдірді. Бұл ретте, өңір басшысы қосымша жер учаскесін беруді тездетіп, бір айдың ішінде кәсіпкерлер Ертіс өңірінде өз өндірісі үшін қандай табиғи ресрустар ала алатындығын анықтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар