Павлодар облысында көзіне қан толған азамат полицейді балтамен ұрды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Шақыртумен келген полицияның учаскелік инспекторын балтамен ұрған. Алайда полицейлер шыдамдылық танытып, шабуылдаушыны полиция бөлімшесіне жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, Железинск ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Серік Сарымовтың ұялы телефонына Жаңа жұлдыз ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны үйінде болып жатқан ұрыс туралы хабарлап, көмек сұраған.

Шақыртуға келген полицияның учаскелік инспекторы үйде ерегісіп жатқан екі ер кісіні көреді. Полицей психологиялық білімін қолдана отырып, өршіккен жанжалды сөзбен тоқтатпақ болады. Алайда 53 жасар үй иесі - балта алып, полиция қызметкері мен отбасы мүшелерін өлтіретіндігін айтып, қорқытады. Құқық бұзушылық әрекеттің алдын алу мақсатында учаскелік инспектор қызметтік көлігіндегі арнайы құралдарды қолданбақ болады. Оның артынан ашуға булыққан үй иесі ере шығып, машинаның жүргізуші отыратын есігінің терезесін балтамен ұрып, екінші соққыны полицейдің сол жақ иығына жасайды.

С.Сарымов жарақатына қарамастан, самбо әдістерін қолданып, бұзақыны полиция бөлімшесіне жеткізеді.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіге қатысты тек отбасылық-тұрмыстық жанжал үшін емес, сонымен қатар ҚР ҚК 380-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, билік өкілдеріне қатысты күш қолданғаны үшін қылмыстық  іс рәсімделді. 

Соңғы жаңалықтар