Павлодар облысында картоп пен көкөністің бағасы өсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы өңірде өндірілетін картоп пен көкөністерге сұраныс жоғары болып отыр. 


Осыған байланысты 2017-2018 жылдары қысқы-көктемгі кезенде әлеуметтік дүкендерді өніммен қамтамасыз ету бойынша қол қойылған меморандум шенберінде бағалар қайта қарастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасеновтың төрағалығымен өткен жиында белгілі болды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаевтың ақпаратына сүйенсек, қол қойылған меморандумға сайкес көкөніс сақтау қоймаларынан қазан айынан келер жылдың 1ақпанына дейін картоп пен пиязды босату құны келісіне 70 теңге болса, 1 ақпаннан 31 наурызға дейін 80 теңге болып бекітілді. Ал, бөлшек саудада 15 теңгеге қымбат саудаланады. Әлеуметтік дүкендерде тауар бағалары босату құнына 5 теңге үстеме қосылады. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Оксана Давыденко атап өткендей, әлеуметтік дүкен сөрелеріндегі бұл өнімдер баға көрсеткіштері қызыл түспен «әлеуметтік» деп жасалады. Баға әкімдікпен басқарма тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп бақылауда болады.

 Еске сала кетейік, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев көкөніс бағасы өспейтіндігін бұдан бұрын баспасөз маслихатының бірінде айтқан болатын. Бұған дейін картоп бағасы 1 ақпанға дейін 50 теңге, ал, мамырға дейін 60 теңгеге көлемінде болжанған болатын.  

Соңғы жаңалықтар