Павлодар облысында ерлі-зайыптылар өрттің құрбаны болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласына іргелес орналасқан Теміржолшылар кентінде ерлі-зайыптылар өрттен көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кленовая  көшесі, 110/1 мекенжайы бойынша екі пәтерлік  бір қабатты төрт бөлмелі үйде  жиһаздар мен терезе жақтауы,  есік, кірпіштен салынған құрылыс жанған. Қызыл жалын 70 шаршы метрді шарпып, төбесі опырылып түскен. - Тілсіз жауды сөндіру барысында 64 және 59 жастағы ер адам мен әйел адамның мәйіттері табылды. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайдың орын алуына электр құралдарын дұрыс пайдаланбау себеп болған, - деді департаментте.

 Өрт шыққаны туралы хабарлама «112» нөміріне сағат 12.52-де түскен. Сағат 03.21-де толығымен сөндірілген. Оқиға орнында  №34 және № 1 өрт сөндіру бөлімдерінен және Усолка шағынауданында жеке орналасқан №2 өрт сөндіру бекетінен бес техника мен 15 адам  жұмыс істеді. Бұдан басқа, аурухананың қабылдау бөлімінің кезекшісі таңғы сағат 05.25-те облыстық балалар ауруханасына бүгін сағат 4.25-те Ленин кентінен екі қыз баланың жеткізілгені туралы қоңырау шалған. «Түрлі деңгейде ысты газбен улану» диагнозы қойылған  екі қыз  баланың жасы 15-те. Қазіргі таңда  олар соматика бөлімінде ем қабылдауда.  Пешті дұрыс қолданбау салдарынан жеткіншектер  осындай жағдайға тап болған. -  Соңғы кездері тұрғындар үйді жылыту кезінде отынды үнемдеу мақсатында пештің мұржасын ерте жауып тастайды.  Осыған байланысты алдын алу шаралары жүргізілгеніне қарамастан, соңы қайғылы аяқталатын жағдайлар жиілеп отыр, - дейді баспасөз қызметінде. 

Соңғы жаңалықтар