Павлодар облысында екі пойыз соқтығысты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Транзитная стансасында 14 вагоннан құралған жүк пойызы басқа бір құраммен соқтығысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«18 қаңтар күні 06:45-те Павлодар облысындағы Транзитная стансасында, «Богатырь Транс» ЖШС кірме жолында 14 вагоннан құралған жүк пойызы тұрақтан жылжып, басқа құраммен соқтығысты. Соның салдарынан бір құрамдағы 3 вагон аударылды, екінші құрамның 4 вагоны рельстен шығып кетті», - дейді «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқыс оқиғаға түйісу желісіндегі кернеудің жоғалуы себеп болған. Локомотивтер, кірме жол және локомотив бригадалары «Богатырь Транс» ЖШС-ға қарасты.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар