Павлодар облысында екі басқарманың жаңа басшылары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аппараттық жиналыста екі басқарманың жаңа басшыларын таныстырды. Ораз Дюздембаев ауыл шаруашылығы басқармасын басқарса, Қайыржан Байжанов ветеринария басқармасына жетекшілік етеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Мен әрбір ауданның өз ерекшелігін есепке ала отырып ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жасауды тапсырамын, осы мәселені бақылауға алыңыздар. Облыста ауыл шаруашылығын дамытуға арналған көптеген мүмкіндіктер бар, соларды пайдалануымыз керек», - деп айтты өңір басшысы Ораз Дюздембаевқа.

null  

Қайыржан Байжанов әкімнің тапсырмасы бойынша күйдіргі көмілген жер кадастрын қамтамасыз ету және белгілер орнатып, қоршаулар жасауға тиіс. Жалпы алғанда оған облыстағы санитарлық-эпизоотиялық бақылауды қатаңдату міндеті жүктелді.

Айта кетейік, Ораз Дюздембаевтың екі жоғары білімі бар және ауылшаруашылық саласында тәжірибе жинақтаған маман. Жеті жылдан астам уақыт «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясының облыстағы бөлімшесін басқарған. Қазіргі қызметіне дейін Железинск ауданы әкімінің орынбасары болған.

Ветеринария басқармасының жаңа басшысы Қайыржан Байжанов мал дәрігері ретінде білімі бар. Павлодар ауданындағы бас мемлекеттік ветеринарлық инспектор және ветеринария бөлімінің басшысы ретінде жұмыс жасаған. Қазіргі қызметіне дейін Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы ретінде қызмет атқарды. 

Соңғы жаңалықтар