Павлодар облысында «Дипломмен ауылға» барғандар пәтерлі болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушылары Ақтоғай ауданында салынған жалдамалы тұрғын үйден жаңа пәтердің кілттерін алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жаңа қоныстанушылар жалпы тәжірибелік дәрігер Аяулым Мұсақанова және мұғалім Жанар Сейілханова.

25 жастағы Семей медицина университетінің бітірушісі Аяулым Мұсақанова күйеуі және кішкентай баласымен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Павлодар облысына көшіп келіп, орталық аудандық ауруханаға жұмысқа тұруға шешім қабылдайды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша құжаттарымды өткіздім, маған Ақтоғайдан жұмыс орны мен тұрғын үй ұсынды. Осы ауданда отбасымызбен үш айдан бері тұрып жатырмыз, енді жаға төрт бөлмелі пәтеріне көшудеміз», - дейді Аяулым Мұсақанова.

Жас маманға жаңа пәтердің кілтін облыс әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов табыс етіп, пәтер иесін жаңа қонысымен құттықтап, аймақ ауруханаларына білікті мамандар керек екенін атап өтті. Бағдарлама қатысушалыран арналған 168 шаршы метр аудандық жалдамалы тұрғын үй 16 млн теңгеге салынған. Ақтоғай ауданына биылғы жылы барлығы бес дәрігер келді, олардың барлығы 100% тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 

Соңғы жаңалықтар