Павлодар облысында биыл 3,7 мың оқушы мектеп бітіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2016-2017 оқу жылы 3 738 оқушы мектеп бітіреді. Өткен жылы олардың саны 3 601 болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

«Мектеп бітірушілердің 2 448-і қазақ, 917-сы орыс, 96-сы украин, 97-сі неміс, және басқа да ұлт өкілдері бар. Жаңа форматтағы қорытынды аттестатау бойынша барлық түлектер жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін мектептерде емтихан тапсырады», - дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова.

20 сәуірдегі жағдай бойынша түлектердің 69 пайызы тестілеуге қатысуға өтінім берген. Биылғы жылы 150 оқушы «Алтын белгіге» және 136 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Қорытынды емтихандар мектептерде 29 мамыр - 9 маусым аралығында өтеді. ҰБТ 20 маусым - 1 шілде аралығына білгіленген. 

Соңғы жаңалықтар