Павлодар облысында бірқатар басқарма басшылары ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрлан Қасымов Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен, ал, Балтабай Қаппасов Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерінен кетті. Өз кезегінде, Қадылжан Сәтиев жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарының басқармасы басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Кадрлық өзгерістер жайлы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиын барысында белгілі болды. Соңғы бес жыл бойы денсаулық сақтау басқармасында қызмет еткен Нұрлан Қасымов аймақтық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы болып бекітілді. Ал, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған Балтабай Қаппасов Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры қызметін атқарады.

Облыс әкімі Болат Бақауов әріптестеріне жасаған қызметтері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарының басқармасының жаңа басшысы болып осыған дейін аталмыш ведомствоның басшысының орынбасары болған Қадылжан Сәтиев тағайындалды. «Сіздердің алдарыңызда үлкен міндеттер тұр. Әуелгі кезекте ауылдағы халықтың орталықтандырылған су жүйесімен қамтасын ету. Биыл 23 ауылда су тарту құбырларының күрделі жөндеу жұмыстары мен құрылыстары орын алады. Жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын назарда ұстау қажет. Облыстағы экологиялық жағдай да аса маңызды. Сонымен қатар орындалмаған келісімшарттарды бақылауға алу қажет», - деді Болат Бақауов. 

Соңғы жаңалықтар