Павлодар облысында бір миллионнан астам құжат цифрландырылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында құжаттарды цифрландыру жұмыстары 2018 жылы басталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Облыстық әкімдікте өткен алқа жиыны барысында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков атап өткендей, өңір аудандары мен қалаларында 1,2 миллионға жуық фото, кино, видеоқұжаттар бар. Жыл сайын олардың саны артып келеді. Мәселен, 2017 жылы 15 мың түрлі құжат облыстық архивке өткізілген. - Ең маңызды жұмыстарымыздың бірі - құжаттарды цифрландыру, - дейді Ардақ Райымбеков. - 2018 жылы бұл жұмыстарға 72 миллион теңге қарастырылған. Осы қаражатқа заманауи құрал сатып аламыз, бұл төрт роботтандырылған жылдам сканер жасау жабдығы мен 144 терабайттық төрт сақтау жүйесі. Болашақта цифрландырылған базада іздеу жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін электронды архив жасау жоспарда бар».

Айта кетейік, өңірде құжаттарды санға ауыстыру жұмыстары 2020 жылы аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар