Павлодар облысында ауызсуға қолжетімділік 23,8%-ке дейін артты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2017 жылы 23 ауылды ауызсумен қамтуға 10 миллиард теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 мыңнан астам тұрғын сапалы ауызсумен қамтылды. Бұл орталық сумен қамту жүйесіне қолжетімділікті 19,5%-тен 23,8%-ке жеткізді», - дейді тұрғындармен кездескен облыс әкімі Болат Бақауов.

Оның сөзіне сенсек, бірнеше жылдан бері өңір басшылығы тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселесіне басты назар аударып келеді. Үкіметтің, Сенат және Мәжіліс депутаттарының көмегімен республикалық бюджеттен 2017 жылы 23 ауылда тұрғындарды ауызсумен қамту жобаларын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 360 километр болатын құбыр жатқызылды.

2017 жылы көп жылдардан бері шешімін таппай келген Беловод арнасының (Ақсу) құрылысы аяқталды.

Ертіс ауданының бес ауылында су құбырларын тарту басталды.

«Биыл көп жұмыс атқарылады. Қазіргі жобаларды қосқанда 25 су құбырын тарту жұмысы жүзеге асырылады. Қазір қосымша түрде тағы да тоғыз жобаға қаржы бөлу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар