Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -12 °С
Алматы: 7 °С
USD 319.65 EUR 393.33
RUB 5.67 CNY 50.47
Жаңалықтар

Павлодар облысында атты полиция құрылады

2018 жылғы 15 ақпан 12:27 435
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында атты полиция құрылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2018 жылы атты полиция құру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Табысын жарияламаған мемқызметкерлер 17 млн теңге айыппұл төлейтін болды «Керуен» СОО маңында болған жол апатына кінәлі азаматқа үкім шықты

«Табиғи жағдай бойынша автокөліктерді қолдану қиынға соғатын жерлерде, атап айтқанда саяжай аудандарында және азаматтардың демалатын аймағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күзде және көктемде атты полиция құру жоспарлануда», - деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полиция биыл із-түзсіз жоғалған адамдарды, малдарды, ұрланған көліктерді іздеу үшін Павлодар облысындағы ауылдарда квадрокоптерлерді қолданбақ. Сондай-ақ, бұл көктемгі су тасқынын бақылауға мүмкіндік береді.

Түрлі құқықбұзушылықтар басқа жыл мезгілдеріне қарағанда жазда көбірек болатыны аталып өтті.

«Судағы және жағалау аумағындағы құқықбұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін биыл гидроцикл, шағын кеме, қарда жүретін техника қолдану жоспарда бар», - деп атап өтті ІІД-де.

Фото:kstnews.kz


Басты сөздер: Павлодар облысы, Заң,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат