Павлодар облысында анасына тіл тигізген тұрғын қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотында өз анасына тіл тигізген ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарбақты тұрғынының жасы 60-қа таяп қалған. Соған қарамастан, үйде жанжал шығарып, анасына тіл тигізген. «Сотта оның 2018 жылы 7 қаңтарда ешбір себепсіз жанжал шығарып, өз анасын балағаттағаны анықталды. Аталған тәртіп бұзушылық осымен екінші рет қайталанып отыр. Сот отырысы кезінде ер адам өз кінәсін толығымен мойындады, қатты өкінетінін де жеткізді. Дегенмен, сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 8 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайынады. Соттың шешімі күшіне енді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар