Павлодар облысында алып бұғылардың сүйектері табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Томск қаласындағы палеонтолог Андрей Шпанский Павлодар географтар үйінің мүшелері Ертістен және өзен жағалауынан тапқан сүйек қалдықтарының қандай жануарларға тиесілі екендігін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Томск мемлекеттік ұлттық зерттеулер университеті геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент Андрей Шпанский Павлодар облысының Сычевка, Жаңа қала ауылдарынан ежелгі жануарлардың сүйектерін тапқан павлодарлық еріктілерге көмектесті.

«Материалдар өте қызықты, оларға жинақтық нөмер беру қажет. Сол кезде оларға толыққанды ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік болады», - деп атап өтті ғалым.

Мысалы, ғалымдар табылған сүйектерді зерттеу барысында олардың он екі мың жыл бұрын Еуразия мен Солтүстік Африкада мекендеген алып бұғыларға тиесілі екендігін анықтаған. Алып бұғылардың кең таралған түрі - Megaloceros giganteus. Оның шота тұсы екі метр болса, үлкендігі қазіргі бұландармен бірдей болған. Бірақ олардың салмағы жеңіл, сирақтары ұзындау келген.
null null null null null null 

Олардың сүйектерін қазіргі Павлодар облысынан  тапқан еріктілер Географтар үйіне жеткізген. Кейін сүйектердің суреттерін Томск қаласына А. Шпанскийге жолдаған.
null null null null null null null null null 

«Бизондар, құландар, жылқылар, мамонттар мен қорқаулар, аюлардың барлығы қазіргі Ертіс маңы аумағында мекендеген», - деді Павлодар географтар үйі директорының орынбасары Виталий Кожокар. 
null

null 

Соңғы жаңалықтар