Павлодар облысында 2017 жылы бір балалар үйі жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2017 жылдың үшінші тоқсанында бір балалар үйі жабылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов мәлім етті.

- Әзірге нақты қай мекемелер өз қызметін тоқтататыны туралы айту ерте. Бірақ та бұл ұйымдарда 50 пайыз бос орын бар. Соңғы үш жылда өңірде асырап алуға 293 бала тапсырылған. Балалар үйі жабылған күннің өзінде мекеме қызметкерлері жүз пайыз жұмыспен қамтылады, - дейді Ернұр Дәуенов.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда облыста жетім  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 14 ұйым жұмыс істейді. 2010 жылы Павлодар қаласының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты, 2013 жылы Павлодар қаласының № 2 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты, 2013 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған Ақсу баспанасы жабылған. 2012 жылы Розов ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 2015 жылы отбасы үлгісіндегі Успен балалар үйі қайта ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар