Павлодар облысында 20 алиментші екі жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында алимент төлеуден жалтарған 20 адамға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы бап бойынша олар екі жылға бас бостандығынан айырылуы немесе шектеу қойылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы брифинг барысында Павлодар облысы прокуратурасы төртінші басқарманың прокуроры Серік Ахметов мәлім етті.

«Бұдан басқа, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 669-бабы бойынша 311 алиментші жауапкершілікке тартылды, - деді Серік Ахметов. - Бос жұмыс орын жәрмеңкесі нәтижесінде жұмысқа орналасқан 111 адам алимент бойынша берешегін өтей бастады. Тағы 63 адам жұмыссыздар ретінде есепке алынды. Жұмысқа орналасуға құлықсыз азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тексеріс барысында алимент өндіру бойынша 300 балаға қатысты 271 орындау өндірісі жоғалып кеткен. Аталмыш факті бойынша Павлодар облысының ІІД қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша іс қозғады. Прокурордың айтуынша, борышкердің еңбекақысынан алиментті ұстап қалу туралы сот қаулысын орындамағаны үшін екі есепші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 172 азаматтың жүргізу құқығына шектеу қойылса, 289 адамға қатысты прокуратура шектеу және қамтамасыз ету шаралары қабылданған. Ал, әкелік парызын өтеуден жалтарған 162 адамға іздеу салынған.  

Соңғы жаңалықтар