Павлодар облысында 12 мыңнан астам адам темір тапшылығынан зардап шегеді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат  - Павлодар облысында 12 мыңнан астам адам темір тапшылығы анемиясынан зардап шегеді.  Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінде қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина айтты,  деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

- Басты мәселе жоғары және бірінші сортты ұнды фортификациялауға келіп тіреледі, - деді Ирина Сорокина. - Өңірде мұндай ұн «Интер» және «Ұлан» диірмендерінде ғана шығарылады. Осы мәселеге қатысты апта сайын мемлекеттік органдармен, өндірушілермен кездесу өткізіледі.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының  айтуынша, әлеуметтік және денсаулық сақтау нысандарында байытылған ұн қандай мөлшерде тұтынылатындығына сараптама жүргізілген. Нәтижесінде денсаулық сақтау саласында 27 пайызы ғана темірмен байытылған ұн қолданатыны анықталған.

Облыс әкімі Болат Бақауов өзінің орынбасары Бауыржан Қасеновқа бидай өндіру кәсіпорындарымен жиын өткізуді және 2018 жылдың бірінші тоқсанында бұл мәселені шешуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар