Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарының екі велосипедін ұрлап кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының бірінші әкімі Дүйсенбай Тұрғановқа тиесілі екі велосипедті үйінің кіреберісінен ұрлап кеткен, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

12 шілдеге қараған түні Сәтбаев көшесіндегі көп қабатты үйдің кіреберісіне белгісіз біреулер емін-еркін кіріп, екі велосипедті қолды еткен. Бұл туралы облыстың ІІД хабарлады. Полиция ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу шараларын бастады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен екі адамды анықтады. Оларды іздеу, ұстау шаралары қабылданды. Үй тұрғындары ұрлық шамамен бір апта бұрын жасалғанын айтты. Велосипед лифтінің жанында тұрған. Д. Тұрғанов тұратын үйде күзет бар, оған периметрі бойынша бейнекамера орнатылған.

Қалалықтардың айтуынша, заң бұзушы жалғыз болмаған. Әкімдіктің баспасөз қызметі арқылы Дүйсенбай Тұрғанов полицияға жүгінгенін хабарлады, ұрлық фактісін растады.

Соңғы жаңалықтар