Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды

None
None
 ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кадрлық өзгерістер жайлы аппараттық жиын барысында Болат Бақауов Дүйсенбай Тұрғановтың Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылғандығын мәлім етті.

Бес жыл осы лауазымды қызметті атқарған ол басқа жұмысқа ауысты деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Облыс әкімі оған алғысын білдіріп, Құрмет грамотасын табыстады. - Аймағымыздағы құрылыс әлеуметтік және тұрғын үй секторында ілгері дамыды. Соңғы екі жыл ішінде нысандарды қайта құру мен құрылыс бойынша Дүйсенбай Тұрғановтың қатысуымен 20 миллиард қаржы жұмылдырылды, - деп атап өтті Болат Бақауов. Ал, облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Ұлан Жазылбек тағайындалды.

null

Ол осыған дейін инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс саласын дамыту мен ТҮКШ департаментінің директоры болған. 1962 жылы туған Ұлан Жазылбек 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша аяқтап, 2009 жылы Кунаев атындағы унивеститетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр түрлі жылдарда түрлі салада басшылық қызмет еткен ол 2014-2017 жыл аралығында Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылым және экономиканы дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды. - Павлодар облысы - бұл өзіндік дамуы бар өндірістік аймақ. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз «Сарыарқа» мен «Достық» шағынаудандырының құрылысына және облыстың коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымында аса қажет. Сізден жаңа ұсыныстар мен жобаларды күтемін, - деді аймақ басшысы Б. Бақауов жаңа орынбасарына.

null 

 Айта кетейік, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Ернұр Байғұрманов тағайындалды.

null  

Ол осыған дейін аталмыш ведомствоның орынбасары болған. Сондай-ақ, бүгін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған Николай Дычко Ақсу қаласының әкімі атанды. 

null

Ал, бұрынғы ақсулық әкім Нұрлан Дүйсенбинов аймақтың қаржы басқармасына басшы болды. 

null 

Соңғы жаңалықтар