Павлодар мен ШҚО әкімдері өңіраралық меморандум жасасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болат Бақауов бастаған Павлодар облысының делегациясы Өскемен қаласында өткен «Altai Invest» форумына қатысты.

Форум шеңберінде аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Тараптар өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және білім, мәдениет секілді бірқатар сала бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге келді.

«Егер, 2014 жылы біздің облысымыз Қазақстанның өзге өңірлеріне 233,2 миллиард теңге сомасына өнім шығарса, 2015 жылы бұл сома 465,1 млрд теңгеге өсті. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысына сатылған тауарлардың құны 5 есе ұлғайып, 10,1 миллиард теңгеден 50,1 миллиард теңгеге өсім көрсетті. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға өңіріміздің «Казэнергокабель» АҚ, «Кастинг» ӨФ ЖШС, «Каустик» АҚ, «Формат Маш Компани» ЖШС«Сварко» ЖШС,  «Екібастұз №1 ҚАЭС» ЖШС және басқа да кәсіпорындары белсенді қатысуда», - деді Болат Бақауов.

Айта кетерлігі, «Altai Invest» форумына Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев, инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, Қазақстан Даму Банкінің басшысы Болат Жәмішев және тағы басқалар қатысты.  

Соңғы жаңалықтар