Павлодар қаласының бас шыршасы жағылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында биіктігі 30 метрді құрайтын қаланың бас шыршасының салтанатты жағылу рәсімі өтті.

Ауа райының суықтығына қарамастан, мерекелік шараға кішкентай балалардан егде жастағы қарияларға дейін көп  жиналды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Жас павлодарлықтарды сүйікті ертегілердің кейіпкерлері фиксики, тауық, ит, Ақша қар, Аят Ата құттықтап, ойындар өткізді. Аяз Атаның сиқырлы таяғын алған қала әкімі Нұржан Әшімбетов пен республикалық конкурстардың жеңімпаз оқушылары Тамерлан Омаров және Марина Флитко бас шыршаның оттарын жақты.


Айта кетейік, бұл күні Таласпаевтар отбасының отау құрғанына 26 жыл толған екен. - 26 жыл бұрын біз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Бүгін біз үшін екі есе мейрам. Барлық отандастарымызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз, - деді ғашық жұп.


Мерекелік шара «Джем», «North East», «Just Fly» сынды хип-хоп топтарының биімен жалғасын тапты. 

Соңғы жаңалықтар