Павлодар балалар ұйымдарының құрылтайы 400 баланың басын қосты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ел болашағы жастар қолында» ұранымен балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің VIII облыстық құрылтайы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушылар сарайына облыстың барлық аудандарынан келген 400 делегат пен 35 сарапшы жиналды, деді Павлодар облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Оксана Петрович.

Құрылтай аясында «Достарды қарсы алайық!» және «Бәріміз біргеміз!» акциялары, «Мәңгілік ел ұландары» аллеясы, «Адамзатқа тән әсемдік» ток-шоуы, Павлодар облысындағы балалар қозғалысы дамуының стратегиясын талқылау бойынша «Бебітшілік жолындағы білім», «Еңбек нарығындағы жұмысшы кәсіпктер», «Жасөспірім және заң» сияқты тақырыптарда дөңгелек үстел отырыстары өтті.
Петровичтің айтуынша, балалар ұйымдарының көшбасшылары соңғы екі жылда түрлі бағыттар бойынша дайындық жұмыстарын өткізді. Олардың міндеті «Тепе-теңдікте» ұстанымы бойынша тәжірибе алмасу болды.

Құрылтай соңы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мега-фестивальға ұласты. Балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, үйлестіруші-педагогтар, түрлі облыстық байқау жеңімпаздары «Жас Ұланның» республикалық штабы атынан марапатталды.

Соңғы жаңалықтар