Павлодар ауданында жеке кәсіпкер ешкі сүтін қайта өңдейтін цех ашпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар ауданы Жаңа қала ауылының тұрғыны Мая Бақриденова өзінің жеке кәсібін ашу үшін 40 бас ешкі сатып алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кәсіпкердің сөзінше, бір ешкі күніне 7 литрге дейін сүт береді. Ешкі сүтінен май, құрт және ірімшік істеуге болады. Кәсіпкер ісін бастамас бұрын алдымен арнайы сертификат алуды жоспарлап отыр. Содан кейін барып, өнімді жергілікті нарыққа шығармақшы.

Ол бұған дейін көп жыл денсаулық сақтау саласында медбике болып жұмыс істеген. Кейіннен бизнес саласына бет бұрған ол енді ешкінің сүтімен сәбилер үйін қамтамасыз етпек. Себебі, балалардың денсаулығы үшін пайдалы әрі дәруменге бай тағамдар қажет. 

- Ешкі сүтінде көптеген ауруларға шипа  беретін ерекше бір қасиет бар.  Әсіресе, туберкулезге қарсы қолдануға болады. Кәсібімді жандандыру үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы төмен пайызбен несие алу ойымда бар, - дейді жеке кәсіпкер.

Кәсіпкердің сөзінше, бүгінде аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында Павлодар ауданында тұрғындар өндіріс және қызмет көрсету орындарын ашуды бастаған. Мәселен, Красноармейка ауылдық округінде кәсіпкер мейрамхана ашуды жоспарлаған болса, Григорьевка ауылының тұрғыны газ-бетон және жолға арналған плиталар шығаруды бастап кетті.

Соңғы жаңалықтар