«Павлодар аруы» қазылар алқасын Абайдың 200 өлеңін оқып таңқалдырды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 2017 жылдың ең әдемі бойжеткені таңдалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сұлулық байқауында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің студенті Сәния Темірханова жеңіске жетті. Ол ұлы Абайдың 200 өлеңін оқып, көрермендер мен қазылар алқасының жүрегін жаулады, деп айтты ұйымдастырушылар - Павлодар облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасында.
null 

Сәния поэзияға құштарлығын өзгеше формада көрсетті: ақынның өлеңдер жинағы көрермендерге таратылып, әрбір қонақ кез келген бетті ашып, өлеңнің алғашқы жолын оқыды. Сәния болса, сол өлеңді толығымен мәнерлеп жатқа айтып берді.Ал конкурсқа он бойжеткен қатысты.
null 

«Дарындылар конкурсында әр қатысушы өз қабілетін паш етуге тырысты, - деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз хатшысы Гайнель Машрапова. - Қыздардың шеберлігінде сөз жоқ».
null 

Қазылар алқасының құрамына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті PR-стратегиялар мен корпоративтік коммуникациялар директоры Руслан Біләлов, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Мұхтар Байжұманов, И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының дирижёрі Талғат Кәрімов, Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Дәурен Әбдірахманов пен қазылар алқасының төрайымы Райса Райымбекова кірді. 

Соңғы жаңалықтар