«Павлодар» АЭА республика бойынша ең тиімдісі атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  «Павлодар» АЭА 1 теңге бюджет қаржысына 14 теңге жеке меншік инвестиция тартып, Қазақстан бойынша тиімді арнайы экономикалық аумақтар рейтингінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыс әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов айтты. -  Арнайы экономикалық аумақтағы инфрақұрылым 17 пайызға аяқталған, - деді Жайық Шарабасов. - Биылғы жылы big-bag қаптары мен «Novopack» ЖШС-нде төрт жарым миллиард теңгеге вагондарға арналған ішпек өндірісі жобасын іске асыруды қолға аламыз. Жоба құжаттары тіркеуге дайындық сатысында».

  Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары бастапқы алюминийді жеткізу бойынша ERG компаниясы тобы алюминий бағандары және профильдер өндірісі бойынша поляктардың «Группа Кети» компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Инвестиция көлемі 28 млрд теңгені құрайды. Жоба жұмыстары бірінші жарты жылдықта басталады деп жоспарлануда. -  Алюминий кластері аясында алюминий қорытпасынан профиль, сым, плита өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда және болашақта формасы өзгертілетін бұйымдар мен құйылмалы өндіріс циклын іске қосу жоспарда бар. 2020 жылға қарай алюминий кластері аясында 10 шақты кәсіпорын құрылады. Көрсеткіш 2025 жылға қарай 20 компанияға дейін және тұтынылатын бастапқы алюминий 150 мың тоннаға дейін артады, - дейді Жайық Шарабасов.  

 Спикердің айтуынша, қазақстандық-қытайлық жобалар тізіміне кіретін «TENIR Logistic» - химия-металлургиялық кешенге 465 млрд теңге тартады.   «Минерал продукт» ЖШС өнімділігі 200 мың теңгені құрайтын ферроқорытпа өндірісі жобасын дайындауда.  Инвестициялық артықшылықтарды ұсынудан басқа, АЭА қызметі тиісті инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз етуге уәде береді. Биыл құрылғыларды тазартуды жалғастыруға 1,4 млрд теңге бөлінген. 2018 жылға қосымша 865,1 млн теңге қосымша қажеттілікке өтініш берілген. Бұл қаржы кеден терминалынан оңтүстік техникалық дәліз бойынша АЭА  құрылғыларына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар