«Патриот» реалити шоуының жеңімпазы анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Патриот» реалити шоуының жеңімпазы анықталды. Қараталдық Мирас Ертанов бірінші орынды қанжығалап, АҚШ-қа жолдама ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаршы алаңда қарсыластарын шаң қаптырған Мирас - Талдықорған қаласындағы политехникалық колледждің 4-курс студенті. Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімі 10 жасынан бастап бокспен айналысып келеді. 20 жастағы жігіт АҚШ-тың Лас Вегас қаласындағы  Фредди Роучтың залында жаттығуға мүмкіндік алды. Ол жерде жеңімпаз ең мықты бокс шеберлерінен тәлім алатын болады.

null

Ал екінші орынды Райымбек ауданының тумасы Жақсылық Қырғызәлі, үшінші орынды Сарқан ауданының намысын қорғаған Саят Құдайберген жеңіп алды.

Жетісу жерінде «Патриот» реалити шоуы тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»  бағдарламалық  мақаласы аясында жүзеге асқан ауқымды доданың мақсаты жастарды спортқа баулып,  салауатты өмір салтын насихаттау. Түрлі жат әрекеттерден олардың бойын аулақ ұстау. Жалпы сайысқа Алматы облысының  аудан, қалаларынан 16 спортшы қатысты.

null

 «Екі аптаның ішінде ең мықтылары іріктелді. Олар осы уақыт аралығында Талдықорғанның көрікті жерлерімен танысып, ағылшын тілін оқыды. Домбыра шертіп, рухани жаңғырды. Айта кету керек, бұл қатысушылардың барлығы кәсіби спорт шеберлері емес, әуесқой спортшылар», - деді жоба ұйымдастырушысы, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы  Рустам Алпысбаев.

Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара көрермендер үшін де қызыққа толы болды. Олар түрлі ойындарға қатысып, бірі Түркия еліне жолдаманы ұтып алды. Айта кету керек, «Патриот» реалити шоуы 18-22 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылды. Болашақта бұл бәсеке дәстүрлі түрде өтеді деп жоспарлануда.

null

Соңғы жаңалықтар