Патрик Аллотей: Қазақстанға Қанаттың белбеуін алуға бара жатырмын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Исламның қарсыласы, ганалық Патрик Аллотей жергілікті тілшілерге берген сұхбатында, Қазақстанға тек белбеу алу үшін баратынын айтты.

«Қазір күніне екі рет жаттығу жасап жүрмін. Қанаттан қорықпаймын. Ол небәрі 21 кездесу өткізген. Мен одан қарағанда тәжірибелімін. Кәсіпқой бокста 36 жекпе-жек өткізгенмін, оның 34-тін жеңіспен аяқтадым. Ол маған құрметпен қарау керек. Қанаттың рингте жіберген қателігін мен нокаутқа айналдырамын. Бұл жекпе-жек маған үлкен мүмкіндік. Басты мақсатым, жеңіске жетіп, екі белбеуге ие болу. 29 қазанда ганалықтарды қуантамын! Бұл жекпе-жекке толығымен дайынмын» - деді ол.

Отандасымыз Қанат Ислам бұл жекпе-жекке жаттықтырушысы Нельсон Лопеспен бірге қазір Алматыдағы AIBA бокс академиясында дайындалып жатыр. Бокс кешінде Қанат Ислам WBA Fedelatin чемпиондық белбеуін қорғап, WBO intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

Айта кетейік, жекпе-жек Алматы қаласындағы 12 мың орындық «ALMATY ARENA» спорт кешенінде өтеді. Бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады. Билеттер 3 қазаннан бастап сатылымға шығады.

Sports.kz   

Соңғы жаңалықтар