Парламенттің осы аптадағы жұмыс жоспары қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Парламенттің осы аптадағы жұмыс жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ертең, ақпанның 28-і күні Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде Қазақстан республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық барысы қаралады.

«1 наурызда Парламент Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі конституциялық реформаның жобасы бойынша Бас прокуратура мен Жоғарғы соттың басшылығымен кездеседі. Осы күні Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында денешынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулердің жобасы қаралады. Сондай-ақ профильді комитеттерде палатаға түскен жаңа заң жобаларының қорытындысын дайындау мерзімі белгіленеді де күтілуде", - деп атап көрсетті Жұманбай.

Ал наурыздың 2-сінде Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелері жөніндегі комитеттің отырысы өтеді. Онда ауыл шаруашылығы саласында жаңа теxнологияларды енгізу мәселесі талқыланады деген жоспар бар.

Соңғы жаңалықтар