Парламент Мәжілісі БАҚ туралы заңнамаға түзетулерді мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұтастай алғанда, заң жобасында үш үлкен саланы - ақпарат, байланыс және ақпараттандыру саласын дамытуға бағытталған кешенді өзгерістер қамтылды. Заң жобасы  ақпарат саласында азаматтардың құқығын қорғаудың механизмдерін күшейтуге;   бұқаралық ақпарат құралдары қызметінде сапалы өзгерістер жасауға; ақпаратқа қолжетімділік бойынша мүмкіндіктерді ұлғайтуға; ұлттық заңнаманың ішкі үйлесімін қамтамасыз етіп, оны қолданудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, бұл құжат бұқаралық ақпарат құралдарын, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру мен байланыс, ақпараттық қауіпсіздік саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраевтың атап өтуінше, өзгерістер мен толықтырулар 6 кодекс пен 16 заңға енгізіледі.

«Ақпарат пен коммуникация саласын дамытуға оңтайлы ықпал ететін депутаттар ұсынған заң жобасындағы кейбір нормаларын атап өткім келеді.  БАҚ сауалдарына ақпарат иеленушілерінің жауап беру мерзімін күнтізбелік 15 күннен 7 жұмыс күніне дейін қысқарту шешімі қабылданды. Бұл норманы жүзеге асыру бұқаралық ақпарат құралдарына сараптамалық материалдарды, журналистік зерттеулерді жедел даярлауға мүкіндік береді. Ал мемлекеттік органдар қоғам үшін ашық бола түседі», - деді Б. Мамраев.

Естеріңізге сала кетейік , заң жобасы 8 қарашада Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған еді. 

Соңғы жаңалықтар