Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -19 °С
Алматы: -3 °С
USD 319.68 EUR 392.95
RUB 5.63 CNY 50.26
Жаңалықтар

Парламент ҚР мен Әзербайжанның салық туралы конвенциясына енгізілетін өзгерістерді ратификациялады

2018 жылғы 15 ақпан 11:01 410
Бөлісіңіз:
 Парламент ҚР мен Әзербайжанның салық туралы конвенциясына енгізілетін өзгерістерді ратификациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті салықтың екі есе салынбауына мүмкіндік беретін Қазақстан мен Әзербайжанның Үкіметтері арасындағы конвенцияға енгізілетін өзгерістерді ратификациялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сенат депутаттары алдында заң жобасы туралы сөз сөйлеген қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, аталған құжат ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Екіншіден, салықтан жалтарулар мен конвенция ережелерін теріс пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға жол ашады. Сондай-ақ, Хаттамада «Қазақстан» және «Әзербайжан» (ҚР СІМ ұсынған редакцияға сәйкес) терминдеріне өзгерістер енгізілді, салықтардың атаулары жаңартылды (салықтардың ескірген атаулары екі мемлекеттің де қолданыстағы салық заңнамаларына сәйкес заманауи атауларға өзгертілді), уағдаласушы мемлекеттердегі резиденттікті анықтауды реттейтін баптың ережелері нақтыланып, басқа да өзгерістер енгізілді», - деді министр.

Бақыт Сұлтанов өз сөзінде екі мемлекет арасында салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретінде осы Хаттаманың рөлі маңызды екенін атап өтті.

«Бұдан басқа Әзербайжанмен өзара сауда-саттық туралы статистикалық деректерге тоқталып өткен жөн. Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың негізгі баптары бидай, битум тектес түрлерінен алынған шикі мұнай өнімдері және темірден жасалатын тегіс илем болып табылады», - дейді ол.

Министр сонымен бірге соңғы 10 жылда Әзербайжаннан Қазақстан Республикасына инвестиция 168,7 млн АҚШ долларын құрағанын жеткізді.

«Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді», - деп түйді министр.

 

 


Басты сөздер: Сенат, Әзербайжан, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат