Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 341.61
EUR 410.27
RUB 5.90
CNY 51.98

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты
2017 жылғы 16 қыркүйек 14:44 992

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламентінің депутаттары елорданы көгалдандыру мақсатында жалпықалалық сенбілікке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат Майра Айсина негізінен сенбіліктен қалмауға тырысатынын және осындай жалпықалалық шараларға міндетті түрде баратындығын атап өтті.

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

«Бізде сенбі мен жексенбіден басқа бос уақыт жоқ. Сондықтан барлық жиналып қалған шаруаны осы күндері шешуге тырысамыз. Алайда сенбілікке байланысты барлық шаруаны ысырып қойып, осында келдік. Кей кезде адамдар сенбейді, бірақ мен шынымен де сенбіліктерді жақсы көремін. Бұл - игілікті іс», - деді ол «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген  сұхбатында.

М.Айсинаның пайымынша, адамдар елінің, тұратын қаласының тағдырына бей-жай қарамауы тиіс, осы орайда жалпықалалық игілікті шараларға қалмай барғанының тәрбиелік маңызы зор.

Өз кезегінде Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко алдағы дүйсенбі өтетін Үкімет сағатына дайындалуы тиісті екенін сөз етті.

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

«Мен сенбілікке кеттім, бірақ та ол жерде (Парламентте) штабтың жұмысы күтіп тұр. Дүйсенбі күні Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баяндамасы тыңдалатын Үкімет сағаты өтеді. Сондықтан да сенбіліктен кейін жұмысқа барамын, себебі дүйсенбі күнгі шараны тиісті деңгейде өткізу үшін барлық материалдарды тағы бір қарап шығу керек», - деді В. Божко.

Сонымен қатар ол осының алдында отырғызған ағаш көшеттеріне көз қырын салып жүргенін айтты.

«Екі жыл бойы әуежайда бастап, «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағы маңында ағаш отырғыздық. Мен жаз айларында көрмеге барған кезде, отырғызған шыршаларды қарап жүрдім», - деді Божко.

Сенатор Бірғаным Әйтімова жалпықалалық сенбілік үшін ешбір өкінішсіз сапарынан бас тартқанын және бірнеше заң жобасы бойынша жұмысты кейінге шегергенін жеткізді.

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

«Бәрінен бұрын, менде бірнеше заң жобасы бойынша жұмыстар болған еді. Осы құжаттарды көбінесе сенбі күндері қарастыратынмын. Мұнымен қоса, Алматыдағы фестивальге бару жоспары бар еді. Дегенмен де сенбілік Астанада өтіп жатқан шаралардың маңызды бір бөлігі. Біз бүгін елордамызды қаншалық жақсы көретінімізді байқатып отырмыз», - деді Сенат депутаты.

Ал Мәжіліс депутаты Альберт Рау бұрыннан сенбілікке жауапкершілікпен қарайтынын сөз етті. Осы орайда ол сенбілік шаралары патриоттық құндылықтарға тәрбиелейтінін және оны қала тұрғындары жете түсінуі керектігін атап өтті.

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

Айта кетейік, бүгін Астанада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Оған коммуналдық қызметтерден бөлек, бизнес-қоғамдастық, меморгандардың өкілдері, оқушылар мен студенттер қатысуда.

Бүгін Парламент депутаттары Орынбор көшесі бойын көгалдандырумен айналысты. Осы орайда сенбілікке әріптестерімен бірге Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де шықты.

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

Жалпы депутаттар 200-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызды.


Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты
Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты
Парламент депутаттары сенбілікке не үшін шыққандарын айтты

 

 

Басты сөздер: Астана, Парламент,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер