Париждегі кепілдікке алынған адамдар тірі, ұры қашып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждегі турагенттікте адамдарды кепілдікте ұстаған ұры қашып кетті. Абырой болғанда, барлық кепілдікке алынған адамдар дін аман, делінген париждік полицияның Twitter-дегі аккаунтында.

«Париждегі Массен желекжолындағы тонау.  Полиция қызметкерлерінің операциясы аяқталды. Алты адам шықты. Іште ұры жоқ»,-делінген полиция хабарламасында.  

Жұма күні кешке қарулы қарақшы Париждегі туристік агенттікте жеті адамды кепілдікке алған болатын, деп атап өткен РИА Новости.

Аталмыш турагенттік телеарнасының хабарлауынша, бұл нысанға ұрылар бұрын да көз тігіп жүрген.  

Соңғы жаңалықтар