Парижде Ливиядағы адам саудасына қарсы шеру өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде адам саудасына қарсы шеру соңы тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Ереуілге CNN арнасының эфирінде Ливияда құл саудасымен айналысатындар туралы фильмнің көрсетілуі себеп болған.

Фильмде Африка елдері азаматтарының құлдыққа сатылып жатқаны түсірілген кадрлар көрсетілген. Шерушілер Франция үкіметінің бұл мәселеге қатысты тіс жармай отырғанын сынға алып, көшеге шығып бас көтерген. Наразылық шарасынан кейін олар тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түскен, алайда зардап шеккендер мен ереуілге шаққан адамдардың нақты саны әзірге жарияланған жоқ.

«Көбінесе қара нәсілділер саудаға шығарылады. Қазір XXI ғасыр ғой. Әр адамның еркіндікке құқығы бар. Ал Ливиядағы жағдай жантүршігерлік», - деді шеруші Эван Миолард. 

Соңғы жаңалықтар