Париж сән апталығында Байқоңырға арналған киімдер топтамасы таныстырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24-25 қаңтар күндері Париж қаласында "Oriental Fashion Week" сән апталығы өтеді. Оған алғаш рет қазақстандық дизайнерлер қатысқалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық дизайнерлер ұсынатын топтамалардың бірі "Байқоңыр" ғарыш айлағына арналмақ.
null 

"Қазақстандық дизайнерлер түрлі халықаралық көрсетілімдерге қатысады және барлық жерде оларды жылы қабылдайды. Мұның себебі - киімдерде ұлттық ерекшеліктеріміздің көрініс табуында. Мен өзімнің алғашқы коллекциямды қазақ және орыс мәдениетін сабақтастырған әнші Роза Бағланованың 95 жылдығына арнадым. Онда заманауи свитшот, футболкаларға принт басу арқылы Роза Бағланова сынды ұлы әншінің болғанын еске салдық. Ал Байқоңыр - әлемдегі алғашқы және үлкен ғарыш айлағы. Қазақстанның қалаларын білмесе де, шетелдіктер Байқоңырды жақсы біледі. Гагаринді танымайтын адам жоқ. Сондықтан, ұлттық мақтанышымызды әлемге сән арқылы танытуды ұйғардық", - дейді бизнесвумен, фэшн-продюсер "DS" брендінің негізін қалаушы Динара Сәтжан.
null 

"DS" брендінің креативті директоры Бауыржан Сағиевтің айтуынша, өткен ғасырдың 60-жылдары салтанат құрған ғарыш дәуірінің рухын көрсету үшін "Байқоңыр" топтамасын әзірлеуде арнайы материалдар, жаңа технологиялар, жаңа тігін әдістері қолданылады.
null 

Сонымен бірге, "Oriental Fashion Week" сән апталығына қазақстандық тағы үш дизайнер - Аида Кауменова, "Бибісара" қазақ брендінің негізін қалаушы Әсем Алтынбекова және сәнді кешкі көйлектерімен танылған Наиль Байкүшіков қатысады. Олардың көрсетілімдері қазақтың халық әндерімен сүйемелденетін болады.

Соңғы жаңалықтар