Париж орталығында тәртіпсіздіктер орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж орталығындағы Бастилия алаңында тәртіпсіздіктер басталды.

Полиция қоршауларды бұза бастаған наразылық білдірушілерге қарсы түтін шашкаларын пайдаланды. Манифестанттарды тарқату мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарды пайдаланды. Бір адам жарақат алды, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.

Лента.ру-дың хабарлауынша, біршама уақыт өткеннен кейін біршама тыныштық орнады. Полицейлер наразылық білдірушілердің ең көп тобын қоршауға алды.

Сайлауға қарсы осыған ұқсас митинг сенбі, 22 сәуір күні өткен болатын. Ол кезде 2 мыңға жуық адам жиналған еді. Тәртіп сақшылары оларды көз жасаурататын газды қолдану арқылы тарқатты.

Жексенбі күні Францияда президент сайлауының алғашқы кезеңі өтті. Бюллетеньдердің 30 пайызы есептеліп, оның нәтижесі бойынша, екінші кезеңге 24,78 пайыз дауыспен «Ұлттық фронттың» көшбасшысы Марин Ле Пен және 21,75 дауыс жинаған «Алға» қозғалысының көшбасшысы  Эммануэль Макрон өтті. «Республикалықтар» оңшыл қозғалысының өкілі Франсуа Фийон 19,65 пайыз дауыс жинады.

 

Фото: Julien Mattia / Zumapress / Globallookpress.com

 

Соңғы жаңалықтар