Париж көрермені Әуезовтің «Қарагөз» қойылымын ерекше қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Республикалық академиялық Неміс театры Париждегі  Варьете театрында «Қарагөзді» сахналады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрігінің баспасөз қызметі. 

«Мұхтар Әуезовтің классикалық «Қарагөз» туындысына ерекше махаббат, фантазия және талантпен жұмыс атқардық. Осы туындымен Неміс театры Қазақстан мәдениетін әлемдік дәрежеде таныту мәртебесіне ие болды», - дейді театр директоры Наталья Дубс.  

Қазақстандық шығармашылық ұжым қазақ және әлем жауһары болып саналатын үздік музыкалық шығарма - «Қарагөзді» өзінің көркемдігін сақтап неміс тілінде сахналады.

Сұлу Қарагөздің Сырым ақынға махаббаты туралы аңыз Наташа Дубс сияқты талантты режиссердің қойылымы арқылы жаңа тартымды сипатқа ие болды. Ол неміс тілінде бірінші рет жарыққа шықты. Бұл туындының көркемдігі мен тереңдігін күшейткен Берлин хореографы Флориана Бильбаоның дайындаған биі. Ал спектакльге  ән жазған Германия композиторы Iayrope.

Сыншылардың пікірі бойынша «Қарагөздің» жаңа қойылымы классика жанрын сүйетін көрермен мен жалпы өнерді бағалайтын жұртшылыққа ерекше әсер етті.

 «Бұл екі күн мен үшін жаңалыққа толы болды. «Қарагөз» қойылымы өте қызықты болды, себебі ол заманауи сипатта сахналанды. Алдымен актерлердің еңбегін атаған жөн. Олар режиссердің бастамасымен үйлесім тауып рөлдерін үздік деңгейде сомдай білді. Мен көркемдікке жоғары баға беремін. Театрдың болашағы жарқын. Қойылым керемет болды», деді француз режиссері, театртанушы Давид Чавлис Ассатини.

«Бұл үлкен жетістік. Аталған спектакль Парижде неміс тілінде сахналанып жатыр. Меніңше, ұлы жазушымыз шығарманың  неміс тілінде сахналанып көрерменің ыстық ықылысына бөленеді деп  ойламаған да шығар.   Мен өнерімізді танытуға келген отандастарымызды көріп ерекше қуанышқа бөлендім», - депақ жүрегінен ақтарыла қуанышын бөлісті Франциядағы қазақтар қауымдастығының  президенті Берлин Еришов.

Басты партияларда  театрдың  жетекші актерлері: Әсел Абақаева, Ирка Абдульманова, Гүлбану Әшімова, Дания Абсалямова, Акылхан Алмасов, Бекарыс Боранбаев, Ксения Мукштадт, Әлібек Өмірбекұлы, Илья Рассахацкий, Светлана Скобина, Толғанай Талгат, Юлия Тейфель, Дмитрий Хольцманн ойнады.

Еске салайық,  Еуропада «Ұлы Дала театры»  гастрольдік туры өтіп жатыр. Басты мақсат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Германия, Франция, Австрия, Бельгия және Ресей сахналарында ел мәдениетін таныту. 

null 

Соңғы жаңалықтар